Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

“Жас сақшы” ең алғашқы түлек

26.05.2025

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Жас сақшы» полицей сыныбының алғашқы түлектерін шығару салтанаты өтті. Бітіруші 19 кадетке «Жас сақшы» полицей сыныбын оқып бітіргендігі туралы арнайы сертификат табысталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық оқу орындары мен ПД-нің жанынан ашылған «Жас сақшы» полицей сыныптарының да ең алғашқы түлектері болып табылады.
Шараға Ақтөбе облысының ПД бастығы полиция полковнигі А.Қ. Жусупов, Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Б.Б.Күзембаева, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Ә.Т.Латыпов, Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының директоры Г.Б.Абдыгалиева және ІІО ардагерлері, кадет сыныбын бітіруші түлектердің ата-аналары қатысты.
Қазіргі таңда «Жас сақшы» полицей сыныптарында № 41 мектеп-гимназиясында 102 кадет , № 63 мектеп-лицейінде 47 кадет білім алуда.
«Жас сақшы» полицей сыныбынан қанат қаққан алғашқы түлектердің жартысынан көбі құқық қорғау қызметін таңдап, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсуге ниет білдіріп отыр.
Жас сақшыларға сәттілік серік болсын!