Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Жас сақшы» кадет сыныбында оқу сабақтарын өткізу

17.02.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе қаласы М.Дулатов атындағы №63 мектеп-лицей арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумға сәйкес 16.02.2023 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, полиция подполковнигі З.З.Нұрышпен №63 мектеп-лицейдің «Жас сақшы» кадет сыныбында құқықтық дайындық бойынша сабағы өткізіді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы сабақ барысында оқытушымен құқық бұзушылық, қылмыстың алдын алу секілді заңды терминдер туралы айтылып, баланың және азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы түсіндіріліп, Ақтөбе қаласының ішкі саясаты бөлімімен дайындалған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

«Жас сақшы» кадет сыныбына кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен өткізілетін оқу сабақтарының мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм рухда тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту және заңдылықты сақтау болып табылады.

ҚҚҚП және К кафедрасы