31.08.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2025-2026 оқу жылының басталуына орай, бірінші курс курсанттарын қарсы алу шарасы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жас түлектер полиция қызметінің қиын да жауапты жолына қадам басып, алғашқы әскери-теориялық білімдерін алуға кіріседі.
Алғашқы курстың курсанттары алдағы төрт жыл бойы заңгерлік, жедел-іздестіру, әкімшілік және қылмыстық құқық салалары бойынша терең білім алады. Оқу бағдарламасы тек теориялық сабақтармен шектелмей, сонымен қатар, практикалық дайындықтарды, дене шынықтыру және әскери тәртіп бойынша жаттығуларды қамтиды.
Жас буын өкілдерінің институтқа келуі – Қазақстанның ішкі істер жүйесін жаңа, білімді және күшті кадрлармен толықтырудағы маңызды қадам. Жаңадан келген курсанттар енді алдағы оқу жылына дайындық жұмыстарын бастап, алғашқы сабақтар мен кіріспе дәрістерге қатысады.






