29.10.2022
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні институттың саптық алаңында жас қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі, сонымен қатар қысқы киім нысанына көшуге байланысты саптық байқау өткізілді.
Жеке құрамның сыртқы келбеті мен саптық дағдыларын тексеруге оқу ордасының барлық қызметкерлері қатысты.
Институт бастығы қызметтік форманың жай-күйін, жетондардың болуын, қызметтік куәліктердің талаптарға сай болуын және саптық түзетуді тексерді.
“ІІО қызметкерінің үлгілі келбеті оның ішкі тәртібі мен саптық рухының көрінісі болып табылады. Өткізілген байқау жеке құрамның қысқы жағдайда қызмет атқаруға дайындығын көрсетті”, – деп атап өтті институт бастығы.
Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.






