Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жүгіру жолағының салтанатты ашылу рәсімі

26.08.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында “Заң және тәртіп” идеологиясын ілгерту мақсатында және Конституцияның 30 жылдығына орай жүгіру жолағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев, Самбодан және әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, Ақтөбе қаласы маслихатның депутаты Р. Байлиева, институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков ашылу лентасын қиды, сонымен қатар құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ашылу салтанаты аяқталғаннан соң институттың жеке құрамы жаппай жүгіруді орындады.