Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Заманауи полиция қызметі: ХХI ғасырдағы тиімді, жан-жақты және қоғамға негізделген полиция қызметін құру» тақырыбындағы семинар

2.11.2021

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция майоры Е.К.Балымов пен оқытушы-әдіскері полиция капитаны Д.К.Каратикенова Нұр-Сұлтан қаласында 27-29 қазан аралығында өткен «Заманауи полиция қызметі: ХХI ғасырдағы тиімді, жан-жақты және қоғамға негізделген полиция қызметін құру» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар барысында ІІО жаңғыртудың озық тәжірибелерімен алмасу, қоғамдастықтармен және олардың мәселелерімен жұмыс істеуге бағытталған полицияның аналитикалық әлеуетін нығайту, полицияның тиімді, инклюзивті және жан-жақты жұмыс күшін дамыту бойынша оқыту мәселелері көтерілді. Семинарда ҚР ІІМ КСД басқармасының бастығы А.Ж.Нурушев, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткі бизнесі және құқық қорғау бюросының аға кеңесшісі Джонн Дадли, «Қылмыстық сот төрелігі, қылмыстың алдын алу және бейтараптық» 2 қосалқы бағдарламасының үйлестірушісі, БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесі, Ташкент қ. Кун Маркверинг, халықаралық сарапшы Сергей Сидоров, Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша үйлестірушісі, жоба жетекшісі Венди О`Брайен өз пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті.