Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 1-курс курсанттарына арналған қонақ дәрісі өтті.

1.07.2025

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 1-курс курсанттарына арналған қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Сандуғаш Жакияновна Измагамбетова жүргізді.

Сандуғаш Жакияновна сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп, азаматтық және қылмыстық істерді қарау тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді. Курсанттар дәрістен үлкен әсер алып, сот жүйесінің нақты жұмыс істеу механизмдерін тереңірек түсінді.

Алынған білім курсанттардың құқықтық санасын қалыптастыруға, кәсіби ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді және оқу процесінде, болашақ қызмет барысында да пайдалы болмақ.

Институт басшылығы мазмұнды дәріс үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.