Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ЗАҢ мен ТӘРТІП» дәріс залының ашылу салтанаты

12.06.2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы заң институтында «ЗАҢ мен ТӘРТІП» дәріс залының ашылу салтанаты өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Талғат Мамырбекович Башев, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы, генерал-майоры Қуат Аманбекович Абдыханов, Ақтөбе облысының мамандандырылған сотының төрағасы Алтынбек Балтабайұлы Сабыров, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі Талғат Айтбайұлы Әлібаев; Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалым Мейрамғалиұлы Байжанов; Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Қанат Жақсылықұлы Тапаев, институт басшылығы, ардагерлері, жеке құрамы мен курсанттар қатысты.
Дәріс залы оқу орнында құқықтық білім берумен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.
“Заң мен тәртіп” қағидасын келешек ұрпақтың өмірлік бағдаршамына айналдыру – басты мақсатымыз.