Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Заң мен тәртіп – әділеттіліктің іргетасы

9.06.2025

«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі С.Мендыбаева Ақтөбе қаласындағы Баишев университетінің студенттерімен «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің іргетасы” тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Бұл шара құқықтық сананы арттыруға және білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.