Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Заң – биліктің құралы емес, халықты қорғау»

19.11.2025

2025 жылғы 19 қарашада «Заң мен тәртіп» иделогиясын ілгерілету мақсатында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Криминалист» ғылыми үйірмесі аясында 2-курс курсанттары мен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» полиция кадет сынып оқушылары қатысуымен «Заң – биліктің құралы емес, халықты қорғау» тақырыбында жоспардан тыс пікірталас өткізді.
Іс-шара мазмұнды да мағыналы ахуалда өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін нақты сеніммен жеткізіп, жоғары белсенділік танытты. Тақырыпқа деген шынайы қызығушылық пікірталастың қарқынды әрі әсерлі болуына ықпал етті.
Пікірталастың негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңның қоғамдағы орнын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастарды өз құқықтары мен міндеттерін саналы түрде ұғынуға баулу болды. Бұл жауапкершілігі жоғары, әділдік пен адалдықты ту еткен, құқықтық мәдениеті орныққан тұлғаны тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам. Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ұйымдастырушылар мен оқушылар өзара алғыс білдіріп, мұндай шаралардың тәрбиелік әрі қоғамдық маңызын атап өтті. Осындай мазмұнды кездесулер жастарға шабыт беріп, ынталандыратыны сөзсіз. Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясына көрсеткен қонақжайлығы мен ықыласты қабылдауы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.