11.12.2021
2021 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақ-Орыс Халықаралық университетімен және «Ғылыми және арнайы зерттеулер орталығы» ЖМ бірлесіп, Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің қабырғасында «Ювеналды полиция мен мектеп психологтары қызметіндегі жасөспірімдер қылмысының алдын алу тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция аралас форматта өтті және екі бөлімнен тұрды: баяндамалар мен пікірталастар форматындағы пленарлық отырыс және секциялар бойынша жұмыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ басшы құрамының және халықаралық қатысушылардың онлайн баяндамаларын (Zoom) платформасы арқылы қамтыды.
Конференция жұмысына: ҚР ІІМ ӘПК басшылық құрамы; прокуратура өкілдері; ювеналды сот; білім бөлімі; Ақтөбе облысының жастар ұйымдары; мектеп психологтары; жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторлары; АЗИ басшылығы, профессор-оқытушылар және курсанттар құрамы; Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректораты, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері; «Ғылыми және арнайы зерттеулер орталығы» ЖМ басшылығы мен мамандары; Қазақстан Республикасы оқу орындарының студенттері, курсанттары, докторанттары мен магистранттары, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Литва және т. б. халықаралық қатысушылары қатысты.
Пленарлық отырыс пен секциялар шығармашылық, мерейлі жағдайда өтті. Барлық қатысушылар жоғары қызығушылық танытты. Ювеналды полиция мен мектеп психологтарының қызметіндегі жасөспірімдер қылмысының алдын алудың тиімділігін арттырудың өңірлік және жаһандық аспектілері қаралды. Қатысушылар заманауи халықаралық тәжірибемен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы конференция жұмысы белсенді пікірталас пен нәтижелі диалог режимінде өтті.














