Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«САНАЛЫ-ҰРПАҚ» ОБЛЫСТЫҚ ФРОНТ-ОФИСІНІҢ МАМАНДАРЫ АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.11.2023

2023 жылы 21 қарашасында жастардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы  «Саналы-Ұрпақ» облыстық фронт-офисінің мамандарымен бірлесіп, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу  өткізілді. Кездесу барысында тыңдаушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы және антикорлайф аясында атқарылып жатқан стратегиялық жұмыстар таныстырылып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жұмыс жасап жатқан «Саналы-Ұрпақ» облыстық фронт-офисінің қызметімен ақпараттандыру жүргізілді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның қоғамға әсері туралы пікір алмасты.