Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ

15.12.2023

2023 жылғы 15 желтоқсанда институт қабырғасында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, институт қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Астана», 2 орынды «Ақтөбе», 3 орынды «Елек» командалары иеленді.

Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясымен ІІО ардагері Н.Сүлейменов, «Үздік байланыстырушы» номинациясымен полиция майоры М. Елеусизова, «Үздік қорғаушы» номинациясымен полиция подполковнигі Қ.Ерланұлы, «Үздік шабуылшы» номинациясымен полиция капитаны М.Таганиязов марапатталды.