Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ТЖД басшылығының атынан алғыс хат

20.01.2022

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.Өтегеновпен ынтымақтастық, кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өтінішті іске асыру қорытындысы бойынша оқу процесін білікті және тиімді ұйымдастырғаны үшін институт бастығы полиция полковнигі А.Б. Байсултанов, қылмыстық құқық қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова, сондай – ақ кафедра доценті полиция полковнигі Е.А.Церковнова алғысхатпен марапатталды. 2021 жылы 13-25 желтоқсан аралығында ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметтерінің анықтаушылары, инспекторлық құрамы мен қызметкерлері үшін онлайн форматта ҚР Қылмыстық процесс заңнамасын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді. Сабақтар шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің жалпы шарттары, тергеу әрекеттері, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану ерекшеліктері, қағидалары мен заңдылықтары, күдіктінің іс-әрекеттерінің біліктілігі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы, сондай-ақ өрт туралы істерді тергеп-тексерудің қазіргі заманғы техникалық, тактикалық және әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін пайдалану мүмкіндіктері қаралды.

ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                  Н.Т.Саханова