16.02.2022
Қазіргі таңда азаматтардың қауіпсіздігін, олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ нақты қызметтік міндетті шешудің сәттілігі полиция қызметкерінің төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерінің тиімділігі мен заңдылығына байланысты. Бұл тыңдаушыларды төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге арнайы дайындау қажеттілігін тудырады.
Ерекше жағдайларда полиция қызметкерлерінің психологиялық іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында 2022 жылғы 16 ақпанда полиция подполковнигі Т.Е.Бисенованың ұйымдастыруымен Ақтөбе қ. ПБ патрульдік полиция батальонының психолог-инспекторы полиция капитаны О.Н. Хаецкая «Психологиялық даярлық» пәні бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Тыңдаушылармен сабақ өткізу үшін тәжірибелік полиция қызметкерлерін тарту өте маңызды, ол мамандарды даярлау процесінің маңызды бағыттарының бірі.
Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы











