31.01.2022
Оқудың бірінші аптасының қорытындысы бойынша сабақтардағы белсенділік көрсеткен алғашқы кәсіби даярлық курстарының үздік тыңдаушылары анықталды, олардың екеуі институт бастығының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құқығына ие болды.
Ауыспалы вымпелдерді офицерлік және сержанттық құрамның Үздік оқу взводтарына оқу үлгерімінің қорытындысы бойынша табыстау тыңдаушылар үшін жеке үлгерім мен жалпы прогресті бақылау үшін ынталандырушы аспект болады.
Институт бастығы полиция полковнигі А.Б. Байсултановтың құттықтау сөзі тыңдаушыларды оқу және тәртіп бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырды.
Одан әрі тыңдаушылар сап алаңында саптық адыммен өтіп, оқу ғимараттарына сабақтарға таралды.
Тыңдаушыларымызға оқуда табыс тілейміз!










