18.01.2024
Мемлекеттегі радикализмнің алдын алу, діндегі идеологияны дұрыс бағытта қалыптастыру мақсатында “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығының теолог маман- Саматов Сапар Саматұлы, жастармен жұмыс жөніндегі маман- Таганов Еркебулат Серикович Институт жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды.
Облыстағы радикалды ағымдардың жүйесін талдайтын орталықтың маманы “экстремизм” және “терроризм” ұғымдарына кеңінен тоқталып, оларға қарсы профилактикалық шаралардың жүзеге асуын түсіндірді.
Сондай-ақ, радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін әсері жөнінде ой бөлісіп, қазіргі кездегі діни ахуалдың жағдайына байланысты дін мен тәрбиенің өзектілігін айқындап берді.











