Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тергеу әрекеттерін жүргізудің қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері

10.09.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы жоспардан тыс кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушыларына «Кәсіби полиция даярлығының негіздері» пәні бойынша «Тергеу әрекеттерін жүргізудің қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік сабақ жүргізілді. Сабақ өткізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Бекет Мақсатұлы Жахангер арнайы шақыртылып, тәжірибесімен бөлісті. Сабақтың басты мақсаты тәжірибе барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, жоғарыда аталған тақырыптағы әдістемелік ережелерді меңгеру және тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы көрсету. Іс-шара тәжірибе мен теорияны ұштастыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.