Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Тергеу қателері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

25.11.2022

25.11.2022 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Саханова Н.Т  және кафедраның аға оқытушысы полиция майоры Тоқпанбетова Г.Н. «ҚР ІІМ үздік тергеушісі» слеті аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу Департаментінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өткізілген «Тергеу қателері» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел үздік тергеушілер, ҚР ІІМ оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысы барысында күнделікті практиканың ең өзекті мәселелері, атап айтқанда тергеушілердің жұмысындағы жиі кездесетін қателіктер, тергеу мерзімдерін сақтау мәселелері, тергелу мерзімдерінің сақталу сұрақтары, тергеу мерзімдерінің үзілу және бұлтартпау шараларын таңдау мәселелері, тәлімгерлік институтының және қылмыстардың жекелеген түрлерін саралау практикасының мәселелері қаралды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жалпы шолу жасалды. Іс-шара соңында қонақтар мен қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, болашақта осындай кездесулер мен талқылаулар өткізудің маңыздылығын атап өтті. Талқыланған тақырыптар бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірқатар нақты ұсынымдар ұсынды, олар іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдарға енгізілді.