Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тактикалық ойындар

14.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Арнайы-тактикалық
даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын білім алушылар арасында насихаттау аясында, курсанттардың тактикалық шеберлігі мен күш-жігерін, экстремалды жағдайларға психологиялық төзімділігін, зейінін
және жауапкершілігін арттыру мақсатында «Тактикалық ойындар» жарысы өткізілді.
Жарыс нәтижесінде курсанттар арасында командалық рух,тәртіптілік пен жауапкершілік дағдыларының артқаны байқалды. Қатысушылар өзара
тәжірибе алмасып, нақты жағдайда кездесетін қиындықтарға дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.