Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Таңғы таралым

18.08.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жеке құрам мен тыңдаушылардың қатысуымен саптық таралым өтті. Іс-шараның мақсаты — өткен оқу аптасының қорытындыларын шығару және үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушыларды марапаттау.
Шара барысында институт басшылығы Ақтөбе облысы бойынша күштік құрылымдар арасында өткізілген волейбол жарысынан үшінші орынды иеленген алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларын марапаттады.