Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Таңғы таралым

16.06.2025

Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді.

Институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж. Абдрахманов спорттық самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын, институтта өткен әскери-тактикалық ойындардың жүлдегерлерін және ғылыми-теориялық конференцияға белсенді қатысқан курсанттарды марапаттады.