Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлескен оқу-жаттығу сабағы

6.09.2025

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Институтта Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлескен оқу-жаттығу сабағы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – тыңдаушылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды дер кезінде жою бойынша іс-қимылдарға үйрету.

Сабақ барысында мамандар тыңдаушыларға өрттің туындау себептері мен түрлері жөнінде түсіндіріп, әртүрлі өрт ошақтарын сөндіру тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар өрт сөндіргіштердің түрлері таныстырылып, олардың ерекшеліктерін ажырата білу және дұрыс пайдалану жолдары үйретілді.

Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы құралдарды пайдалану ережелері, төтенше жағдайда әрекет ету алгоритмі және зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері де көрсетілді.

Бұл шара тыңдаушылардың кәсіби даярлығын арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша тәжірибелік машықтарын жетілдіруге бағытталды.