Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Отбасы берекесі

23.05.2025

Институтымызға қонақ ретінде Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, қоғам қайраткері Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Ақтөбе облыстық мәслихатының төрайымы Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы келді.
Спикерлер “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Отбасы берекесі” тақырыбында баяндамаларын паш етті.
Осы кездесудің аясында Оразкүл Асанғазықызы қатысушыларға көшбасшылық дәріс оқыды. Дәрістің курсанттар мен тыңдаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ұлттық рух пен құндылықты ұғынуға, болашақ құқық қорғаушылар үшін маңыздылығы жоғары болды.