11.12.2025
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Республикалық акциясы аясында, 2025 жылғы 3 желтоқсанда, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының аға оқытушы-әдіскері, полиция подполковнигі А.Ж.Назарбаева және оқытушы-әдіскері, полиция майоры З.М.Куашова «Ақтөбе қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында «Жастар арасында онлайн қатыгездік пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында жасөспірімдерге сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді, олардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік дағдылары арттырылды.







