Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» онлайн дөңгелек үстел

5.12.2020

Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге  орталықтың тіл оқыту қызметіне жүгінетін Ақтөбе облысы бойынша мекемелердің өкілдерімен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің бастығы Нурмухамбетова Жанат Бердалықызы қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы Тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктердібаяндай отырып, ағымдағы жылдың жұмыстарын қорытындылады. Еркін микрофонда Ж.Б.Нурмухамбетова сөз алып, институт пен орталық арасындағы ұзақ жылдар бойғы нәтижелі жұмыстарды атап өтіп, алдағы ынтымақтастықтың артуына және орталық ұжымының жұмысына жаңа жеңістер тіледі.

Шара соңында Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина осы жылы мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып, ынтымақтастық танытқаны үшін институт бастығы А.Е.Қабдуевты және бөлімше бастығы Ж.Б.Нурмухамбетованы алғысхатпен марапаттады.