22.10.2025



“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт қызметкерлері және Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі Т. Абдрахманов “Жас сақшы”кадет сыныбының оқушыларымен тәрбиелік мазмұнда кездесу өткізді. Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сана-сезімін арттыруға және ішкі істер органдары қызметінің маңызын түсіндіруге бағытталды.






