22.02.2021
2021 жылғы 15-20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында ҚАПБ аға учаскелік инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторларына «Тұрмыстық және рецидивті қылмыстың алдын алу» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.
19.02.2021ж. консультативтік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM бейнеконференцбайланыс режимінде «Жыныстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстарды тергеу кезінде кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу»тақырыбында тәжірибелік сабаққа Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының қызметкерлері Б.Б. Сагиндыков, Т.А.Ельтежин, С. И. Кубенов, Ч.А.Каленов қатысты.
20.02.2021ж.«Учаскелік полиция инспекторларыныңтұрмыстықзорлық-зомбылықтыңалдыналусаласындамемлекеттікоргандарменжәнеқоғамдықұйымдарменөзараіс-қимылы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақты өткізуге Ақтөбе қ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Малика» дағдарыс орталығының директоры Д.К.Карабалина қатысты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы







