Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Түсіндірме жұмыстары

7.10.2025

2025 жылғы 7 қазанда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 курс магистранттары Қылмыстық кодекске енгізілген 232-1-бапқа сәйкес құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сауда орталықтары мен жоғары оқу орындарында, халық көп жиналатын орындарда магистранттар азаматтарға банк карталарын, шоттарын және өзге де төлем құралдарын үшінші тұлғаларға берудің қауіптілігі туралы ескертіп, бұрын берілген төлем деректерін жабу қажеттігін түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты – жастар мен жалпы қоғам арасында мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру.