13.04.2022
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 4 курс білім алушыларына арналған қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысын бастады.
Биыл 120 курсант өзінің дайындық деңгейін растайды. Мемлекеттік емтихандар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндері бойынша комиссия мүшелерінің қатысуымен электрондық форматта өтіп жатыр.
Мемлекеттік емтихандар суретке түсіру және бейнетүсірілім арқылы жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша курсанттарға жоғары білім туралы диплом және «лейтенант» арнаулы атағы беріледі.
Түлектерімізге сәттілік тілейміз!










