Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы бірлескен жоспар аясында маңызды іс-шара өтті.

27.05.2025

Ағымдағы жылдың 27 мамырында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ІІМ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы бірлескен жоспар аясында маңызды іс-шара өтті.

Іс-шараға институт басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары А. Куламанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы лектор Е. Таганов, сондай-ақ алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары мен курсанттар қатысты.

Кездесу барысында ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайтуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың рөліне қатысты мазмұнды пікірлер айтылды.