25.12.2020
2020 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Ақтөбе облысы бойынша департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар туралы» тақырыбында диалогтық алаң өтті. Іс-шараның модераторы – Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы болды.
Диалог алаңының жұмысына Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Д.Т. Мусюров, Заң консультанттары палатасы директорының орынбасары Л.Ф. Алыпкелова, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Н.С. Альжанов, Ақтөбе телеарнасының шеф редакторы Б.Е. Биманова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Құқықтану кафедрасының аға оқытушылары Т.Г. Алимпиева, Е.М. Бердібаев, 3-курс студенттері және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция подполковнигі А.К. Ибраева, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.С. Кумакбаева, аға оқытушы полиция подполковнигі М.Д. Тулешев және 3-курс курсанттары қатысты.
Диалог алаңына қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер туралы пікір алмасты. Іс-шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы оң жұмыс тәжірибесі және жаңа идеялармен пікір алмасу үшін өткізілген диалог алаңы маңызды және пайдалы бастама болғандығы, өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың тағы бір қадамы екендігі айтылып, қорытындыланды.
Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, парасатты жас ұрпақты және тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды тәрбиелеуде өз пікірін білдіруге және сөйлеуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
Жалпы заң пәндері
кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Ибраева