Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбындағы семинар

24.02.2024

Ағымдағы жылдың 22-23 ақпанында ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С. Абилова Астана қаласы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті базасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңарту, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту тәсілдерін жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасу.

Іс-шараға ішкі істер және қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктерінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар ҚР жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пәндері оқытушылары қатысты.