Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Сот-медициналық сараптама орталығында тыңдаушылардың шығу сабағын өткізді

4.11.2022

«Криминалистика» пәні бойынша оқу процесінің тәжірибелік бағдарлануын күшейту мақсатында ҚҚҚПжК кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С.М. Минайдаров және оқытушы полиция подполковнигі С.Б. Кулбаев 2022 жылғы 31 қазан 04 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот-медициналық сараптама орталығының Ақтөбе филиалы базасында алғашқы кәсіби даярлық курсының 1-16 оқу тобының тыңдаушыларына тәжірибелік шығу сабақтарын өткізді. ​ Тыңдаушылар орталықтың құрылымымен, атап айтқанда, сот мәйіті, гистологиялық, биологиялық және криминалистикалық зертханалармен танысты. Экскурсиядан кейін  15 жылдан астам сараптамалық жұмыс өтілі бар 1 санатты сот-медициналық сарапшы Т.А.Елтежин нұсқаулық өткізіп, мәйіттің сот-медициналық сараптамасына кірісті. Сабақ барысында Т.А.Елтежин сот-медициналық сараптама жүргізудің негізгі ережелері мен тактикалық тәсілдерін түсіндірді.  Білім алушылар мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу әдістерімен танысып, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу, сот-биологиялық және гистологиялық зерттеулер туралы қажетті білім алды.