Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Сотқа дейінгі сатыда және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауларға және тергеу мен анықтаудың өзге дерұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары бойынша кездесу

17.02.2023

Азаптауларға және ішкі істер органдарында жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жүйені жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1кс/22-01 хаттамасының 2.4.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен сотқа дейінгі сатыда және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауларға және тергеу мен анықтаудың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары әзірленді.

Осыған байланысты, жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылдың 15 ақпанында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларымен, атап айтқанда өңірлік полиция департаменттерінің қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Көліктегі ЖПД басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесудің мақсаты-ішкі істер органдары қызметкерлерінің сотқа дейінгі кезеңде және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауларды және тергеу мен анықтаудың басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолдануына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою. Мұндай іс-шаралардың негізгі міндеттері – ішкі істер органдарында азаптауларға және жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және сақтау, ІІО басшыларының азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру, жұртшылық үшін барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке құрамды психологиялық және кәсіптік даярлау болып табылады.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға кафедра оқытушыларымен толық және егжей-тегжейлі жауаптар берілді.