16.05.2025



Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті.Шығармашылық сайыс барысында балалар өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері мен бейбіт өмірдің маңызын бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.