Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ш.Рахмоновтың және А.Марқабаевтың институттың 3-курс курсанттарымен кездесуі

30.10.2020

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жоба концепциясын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарының аясында  әлеуметтік жобаларды үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып азаматтарға құқықтық білім беру тармағы бойынша 2020 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында қазақстандық файтер, UFC жарысының жеңімпазы Шавкат Рахмонов пен Ақтөбелік спортшы, GFC файтері Азамат Марқабаев қонақта болды.

Әлемге әйгілі спортшылармен кездесу барысында 3 курс курсанттары қонақтарға өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, пікір алысты.

Кездесу соңында институт басшылығы Ш.Рахмонов пен А.Марқабаевқа алғысын білдіріп, үлкен жеңістер тіледі және шапан кигізіп, естелік суреттерге түсті. Іс-шарадан соң  спортшылар институттағы курсанттардың үй-жайына барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Әлемге Қазақстанның көк байрағын желбіретіп жүрген спорт майталмандарымен кездесу курсанттардың бойында отансүйгіштік пен мамандығына деген адалдық қасиеттерін оятты.

Идеология жұмысы бөлімшесінің бастығы

полиция аға лейтенанты                                       

Б.Елеусізов