Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Саптық байқау 

22.10.2025

2025 жылғы 22 қазан күні институттың тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында “Жас сақшы” полиция сыныбы оқушыларының жауынгерлік рухы мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында саптық байқау өткізді.
Жиын кадеттердің нысанды киім кию үлгісін қатаң түрде сақтауға, командаларды орындау реттілігі мен саптық жүрісті жетілдіруге негізделді. Сонымен қатар олардың формасының тазалығы мен ұқыптылығы басты назарға алынды.