26.11.2022
Облыс аумағында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” республикалық акцисы басталды. 25 қараша-10 желтоқсан аралығында зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға қатысты шаралар жүзеге асырылады. 25 қарашада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымы. Себептері мен салдары”, «Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы стереотиптер» тақырыбында дәріс өткізді.









