Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі

3.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына кітапхана қызметкері көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.
Шараның мақсаты курсанттарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар қойылған.