Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Психологиялық тренинг

16.10.2025

2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімі инспектор-психологтары 1-курстың 101-взвод курсанттарымен психологиялық тренинг өткізді. Тренингке 23 курсант қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ұжымның ұйымшылдығын арттыру, өзара қарым-қатынасты жақсарту, курсанттардың психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын және стресске төзімділігін арттыру тұрғысынан еркін сезіну деңгейін көтеру болды.
Тренинг барысында дене-бағытталған терапия әдістері қолданылды.