10.10.2022
2022 жылғы 10 қазан күні ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С.Маханова алғашқы кәсіби даярлық курсына ІІО қатардағы кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына алғаш рет қабылданатын тыңдаушыларына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Калишева Нажия Хусаиновнаны қатыстыра отырып «Адам құқықтары» пәні бойынша №4 «Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық институттары» тақырыбына онлайн режимде көшбасшылық дәріс өткізді.
Дәріс сабағында тыңдаушыларға Адам құқықтары ұғымы егжей-тегжейлі түсіндірілді, ғалымдардың адам құқықтарына қатысты ғылыми көзқарастары айтылды, адам құқықтарының негізгі принциптері, адам құқықтарын қорғау тетігі қозғалды, Президенттің конституциялық құқықтардың мызғымастығының кепілі ретіндегі рөлі, Парламенттің адам құқықтарын қамтамасыз етудегі және қорғаудағы рөлі, Үкіметтің және басқа да атқарушы органдардың құқықтарды қамтамасыз етудегі және қорғаудағы рөлі туралы айтылды. Лектор осы жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген барлық өзгерістерді айқындай отырып, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы толығымен түсіндіріп берді. Тыңдаушылар лекторға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды және қызықты дәріс үшін алғыстарын білдірді.











