26.02.2024
2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты А. К. Нұрлин online режимде Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, құқық магистрі, полиция подполковнигі Әсел Батырбайқызы Ақылбекованы тарта отырып, дәріс сабағын өткізді. Талқылау тақырыбы этносаралық қақтығыстардың пайда болуы мен дамуына әсер ететін факторларды анықтау мәселелері болды.







