Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Полиция жанында акциясы

11.06.2025

2025 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе ст. Желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп “Заң және тәртіп” идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде “Полиция жанында” акциясын өткізді.
Шара аясында Ақтөбе станциясының темір жол вокзалында азаматтарға заңдылық пен тәртіп сақтаудың маңыздылығын түсіндіру бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара мақсаты қоғамдық орындарда, көлік объектілерінде құқық бұзушылықтың алдын алу.
Азаматтарға ақпараттық буклеттер таратылып құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша кеңестер берілді.