21.06.2025



Полиция күніне орай, 20 маусым күні Ақтөбе Полиция департаментінің ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері арасында “Полиция эстафетасы” атты жарыс өткізілді. Аталған спорттық іс-шараға М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс курсанттары белсене қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен ұйымшылдықтың арқасында жүлделі 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс – болашақ құқық қорғаушылардың кәсіби шеберлігі мен патриоттық рухының жарқын көрінісі.






