Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Полиция қызметкері мен азаматтар арасындағы кәсіби қарым-қатынас психологиясы

14.11.2020

2020 жылдың 13 қараша күні «Заңгер-психолог» ғылыми үйірмесі шеңберінде 3 курс курсанттарына «Полиция қызметкері мен азаматтар арасындағы кәсіби қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушысы полиция майоры Т.Е. Бисенова тренинг өткізді.

Сабақ қарым-қатынас жасаудағы құзыреттілікті дамытуға, кәсіби тапсырмаларды орындау кезінде топтағы қарым-қатынас сапасын арттыруға, топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған.

 Жүргізілген жұмыс курсанттарға экстремалдық жағдайларда кәсіби-психологиялық қасиеттерін қолдана отырып, кәсіби бақылау, өзгені түсіну, өз-өзін ұстай білу, мінез-құлқын сырттан бақылау, адамдарды сенімділікке баулуға мүмкіндік берді.

КПДжІІОБ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Т.Е.Бисенова