Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Патрульдік полиция қызметін ұйымдастыру негіздері

15.09.2025

КОҚҰ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Г.Н.Токпанбетова «Кәсіби даярлық» пәнінен «Патрульдік полиция қызметін ұйымдастыру негіздері» тақырыбына ІІО болашақ қызметкерлерінің кәсіби даярлығының сапасын арттыру мақсатында, Астана қаласы ӘПБ аға инстпекторы полиция подполковнигі Т.З.Тұяқбай және БҚО ӘПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.Ж.Сағындықовты қатыстырып қосымша білім беру факультетінің 5-10 топ тыңдаушыларына аралас сабақ өткізді. Сабақ барысында патрульдік полицияның қызметін ұйымдастыру, құқық бұзушылықты анықтаудың заманауи әдіс-тәсілдері туралы талқыланып, тәжірибелік қызметкерлердің тәжірибесіндегі қызметтерімен таныстырылды. Сабақтың мақсаты тәжірибе барысында туындайтын өзекті мәселелердің алдын алу, шешу, теория мен тәжірибені ұштастыру болып табылады.