18.11.2020
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 32 аппараттық кеңесінің 4 т. 2 тармақшасының шешіміне сәйкес кадр саясаты департаменті патрульдік полициясының саптық бөлімшелері командирлерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.
Баяндамашы ретінде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция майоры Е. К. Балымов сөз сөйледі.
Семинарда патрульдік полицияның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі қызметін ұйымдастыру, партульдік полиция қызметін басқару әдістері, ішкі істер органдарын жаңғыртудың негізгі бағыттары, қызметтік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру тәсілі ретіндегі тайм-менеджмент т. б. мәселелері қаралды.
БАжКҚД факультетінің бастығы
полиция майоры
Балымов Е.К.










