Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

28.04.2023

2023 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық факторлары және олардың алдын алу» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған конференцияға Қазақстандағы БҰҰДБ өкілдері, Ресей, Қазақстан ІІМ оқу орындарының қызметкерлері, облыстардың ПД аумақтық қызметкерлері, медицина қызметкерлері және Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау дағдарыс орталықтарының қызметкерлері қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.