Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

“Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу” тақырыбы бойынша полиция учаскелік инспекторларын оқыту

25.02.2022

2022 жылғы 21-26 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев Ақтөбе заң институтының Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі мамандар даярлау орталығы “Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу” тақырыбы бойынша полиция учаскелік инспекторларын оқытуды ұйымдастырды.

 ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті, полиция майоры В.Хасанова консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 24 ақпанда бейнеконференц байланыс режимінде практикалық сабақ өткізуге “Дәріс” ҮЕҰ атқарушы директоры Идегеева Гүлнұр Ерғазықызы және “Малика” тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Қарабалина Динара Қалқаманқызы тартылды. Сабақ барысында ҮЕҰ мен жергілікті полиция қызметінің өзара іс-қимылы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға арнайы әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтық және отбасылық заңнама мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері қозғалды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі мамандар даярлау орталығы